Текст
КММ «Сочинское ауылындағы жалпы білім беретін мектеп» жанындағы «Ақбота» шағын орталығының базасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарымен жұмыс ұйымдастыру бойынша консультациялық пункт жұмыс істейді.
Консультациялық пункттің негізгі міндеттері:
Мектепке дейінгі жастағы баланың дамуы мәселелері бойынша ата-аналарға (заңды өкілдеріне) әдістемелік көмек көрсету;
Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту бойынша әртүрлі мәселелерге қатысты ата-аналарға (заңды өкілдеріне) кеңес беру көмегін көрсету;
Балаларды үй жағдайында тәрбиелеп отырған ата-аналарға (заңды өкілдеріне) ақпараттық қолдау көрсету.