Текст
12.11.2025
12 қараша күні қазақ тілінің онкүндігі аясында "Сауатты жазып үйренейік" атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара 5-7 сынып оқушылары арасында диктант жазу формасында өткізілді. Диктанттың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, дұрыс жазу дағдыларын тексеру және қазақ тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттыру болды. Оқушылар іс-шараға үлкен ынта мен қызығушылықпен қатысты, әр сынып өз деңгейінде диктантты сәтті орындап шықты
