Текст
Сочинское ауылының мектебінде «Өзін-өзі тану» пәні бойынша онкүндік аясында 1 ақпанда 2-сыныпта «Балаларға берілген жүрек» тақырыбында сынып сағаты өтті, адамгершілік-рухани тәрбие бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваға арналған. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Бовдуева Т.Н. балаларды жастайынан әрқашан дені сау, бақытты болу өнерін меңгеруіне, олардың білім алып, өсіп-өнуіне, өмірдің даналығы мен адамзатқа қызмет ету бақытына ие болуына қадағалайтын Сара Алпысқызының іс-әрекетімен таныстырды. Шара барысында балалар ата-аналарына, туған-туыстарына, достарына, сыныптастарына тілектерін жазып, «Жақсы тілектер ағашына» жапсырды. Шара соңында ұстазбен бірге «Мейірімділік жолымен» әнін шырқады.