Текст
2022 жылдың 26 қыркүйегінде Сочинское ауылының мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару мектебінің президентін сайлау өтті. 8-10 сыныптар арасынан 4 оқушы президенттікке үміткер болды. Дауыс беруге 2-10 сынып оқушылары қатысты. Дауыс беру процесінің ашықтығы үшін комиссия құрамына сайлау комиссиясының төрағасы Тастеміров А.Н. (директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары), хатшы Ганджуга А.Н. (мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы), комиссия мүшесі Атрохова Р.П. (шағын орталықтың қызметшісі) және бақылаушы 11 сынып оқушысы Жәнібек Дариға (мектептің ұландары). Дауыс беру нәтижесі бойынша 9-сынып оқушысы Адина Сағдатова көпшілік дауыспен мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруының президенті болып сайланды.