Текст
22 қаңтар күні тарих апталығы аясында тарих және құқық негіздері мұғалімі А. Н. Тастемиров 9,10,11 сынып командалары арасында "Сен және Заң" квест-ойыны атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Мақсаты: ойын қызметі арқылы құқықтық мәдениетті қалыптастыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу. Ойын 5 кезеңнен тұрды: 1) жылыту, "Сұрақ-Жауап"; 2) капитандар сайысы; 3) "Ертегі викторинасы"; 4) құқықтық жағдай; 5) "Детективтік тапсырмалар". Ойын нәтижелері бойынша 1 орынды - 9 сынып командасы; 2 орынды – 10 сынып командасы; 3 орынды-11 сынып командасы иеленді.