Осы жылдың 24 мамыры «Білім – Отаныма!» атты жалпыұлттық бірыңғай сынып сағаты өтті 2023-2024 оқу жылының қорытындылауы бойынша өткізілді.
2023-2024 оқу-жылының қорытындысында өткізілетін тәрбие сағатының мақсаты–оқушылардың ұстаздық еңбегіне деген құрметін, білім алуға құштарлығын және оқу жылындағы жетістіктерін объективті бағалай білуді дамыту.
Тәрбие сағаты Әнұранмен басталды. ҚР Оқу-ағарту білім министрінің жалпыреспубликаның білім алушыларына құттықтау сөзін тыңдап, республика бойынша балаларының жетістіктері туралы видеоролик қойылды.
Келесі кезекте сынып жетекшілері өз сыныптарының оқу жылындағы жетістіктері туралы бейнеролик көрсетті. Оқудағы, спорттағы және қоғамдық жұмыстардағы жетістіктері үшін әрбір оқушыны марапаттауға ерекше көңіл бөлінді.
9 және 11 сынып түлектері «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында мектеп қабырғасындағы балалық шақтан болашаққа қадамы туралы өз ойларын жеткізу мақсатында эссе жазу ұсынылады